jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда қырық жылғы құбыр жарылып, бірнеше ықшамаудан жылусыз қалды

    Жылу құбыры
    Жылу құбыры. Көрнекі сурет: imantsu/Getty Images

    Алматы қаласында жылу магистралінің құбыры жарылып, соның салдарынан бірнеше ықшамаудан жылусыз қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы жылу жүйесі" компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    "Алматы жылу жүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз қызметі Алматыда 1984 жылы тартылған құбырдағы ақауды жөнделіп жатқанын хабарлады.

    "23 желтоқсанда Бостандық ауданы Назарбаев көшесі бойында жылу магистралінің құбыры жарылды. Құтқару қызметінің мәліметінше, 1984 жылы тартылған жылу құбырынан ақау шыққан. Соның салдарынан Сәтбаев – Достық, Тайманов көшелерінде орналасқан аудандар, бұған қоса Самал 1, 2, 3 ықшам аудандарының тұрғындарына жылу беру шектелді", - деп хабарлайды коммуналдық кәсіпорын.

    Мәліметке қарағанда, құбырды жөндеу жұмыстарын "АЛТС" құрылыс-жөндеу қызметі компаниясы атқарып жатыр. Жылу 24 желтоқсанда түнгі сағат 01:00-ге дейін беріледі деп жоспарланған.

    Кәсіпорын Алматы тұрғындарына коммуналдық қызметке қатысты қандай да бір оқыс оқиға бола қалған жағдайда, оны өз бетімен жөндеуге талпынбауға, бірден мына телефондарға хабарласуға кеңес береді:

    +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-18:00 аралығы) немесе 109.

    Алматыда қырық жылғы құбыр жарылып, бірнеше ықшамаудан жылусыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.