Оқыс оқиға

Зектілері

Қарағандыда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы адамдар эвакуацияланды (видео)

Жарияланған күні:

Эвакуация
Эвакуация. Видеодан алынған кадр: instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағанды қаласында шұғыл әрекет мамандары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңын тексеріп, ешқандай қауіп жоқ екенін анықтады. 102-ге түскен қоңырау жалған болып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қарағанды облысы полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, 23 желтоқсанда әлдебіреу 102 телефонына хабарласып, Мұқанов көшесіндегі бесінші үй маңында күдікті зат жатқанын айтқан. Оқиға орнына барлық жедел қызмет мамандары жеткен. Полиция қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын тексеріп, ешқандай қауіпті зат таппаған.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, полицияға хабарласқан адамның кім екені әзірге анықталмаған, бірақ кейінірек белгілі болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қарағандыда сауда орталықтарының бірінде бомба орнатылған деген жалған мәлімет түсіп, ғимараттағы адамдар эвакуацияланған.

Биыл жазда Павлодарда халыққа қызмет көрсету орталығындағы адамдар эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Ал былтыр наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында түрлі нысандарға жарылғыш қойылғаны туралы жалған мәлімет полицияға түскен. Соған байланысты Қазақстан ішкі істер министрлігі ел азаматтарына үндеу жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2203851-qaragandyda-mamandandyrylgan-halyqqa-qyzmet-korsetu-ortalygyndagy-adamdar-evakuatsiialandy-video/