jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда 5 жасар бала басын орындыққа қысып алған

    Оқиға болған сәт
    Оқиға болған сәт. Фото: https://t.me/qr_tjm

    Дүйсенбі, 23 желтоқсанда Атырау қаласының құтқарушылары орындыққа басын қысып алған бес жасар балаға көмектесті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Атырауда 2019 жылы туған бала ойнап жүріп басын орындықтың арқалығына қысып алған.

    Баланың басын орындық арқалығынан өздігінен шығара алмаған ата-анасы 112 нөміріне хабарласқан.

    "Құтқарушылар қыстырылып қалған баланың басын бірден "Holmatro" құралы көмегімен босатты", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Шымкент қаласында болған еді. Құтқарушылар басына горшок киіп алған екі жасар балаға көмекке келген. Мамандар аспалы құралдардың көмегімен баланың басын босатқан.

    Атырауда 5 жасар бала басын орындыққа қысып алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.