jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда автобус өртеніп кетті (видео)

    Өртенген автобус
    Өртенген автобус. Фото: telegram.org/qr_tjm

    Кеше, 23 желтоқсанда Қарағанды облысында автобус өртке оранды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сай, өрт Қарағандыдағы Ермеков көшесінде 15 шаршы метр аумақта болған.

    "Дереу келген құтқарушылар автобустың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өртті тез арада сөндіріп, жақын маңдағы автобусты өрттен қорғауға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

    Зардап шеккендер жоқ.

    ТЖМ өкілдері автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

    Бұған дейін Орал қаласында да жолаушылар автобусы өртенген болатын. Сырым Датов көшесі бойында жолаушы автобусының қозғалтқышынан өрт шыққан.

    Қарағандыда автобус өртеніп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.