Оқыс оқиға

Зектілері

Павлодарда жарылғыш зат туралы хабарлама мейрамханадағы жаңажылдық кештің шырқын бұзды (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодарда жаңажылдық кеш өтуге тиіс болған мейрамханадан 50 адам эвакуацияланды. Мейрамханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарама түсіп, барлық жедел қызмет оқиға орнына жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарылғыш зат туралы хабарлама полицияға сағат 18:43-те түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен саперлар аумақты қоршауға алып, мерекелік кешке келген қонақтарды далаға алып шықты. Бұған қоса 15 қызметкер эвакуацияланған.

Instagram-дағы Павлодар жаңалықтарына арналған парақшада оқиға болған жерден видео пайда жарияланды. Желі қолданушылары видео астына болған оқиғаның себептері туралы болжам жасап, пікір қалдырған.

"Бұрынғы немесе корпоративке апармай қойған сүйіктісінің ісі. Бәріне ренжіп, өшін алды", "Біреудің әйелі күйеуін мерекелік кешке жібергісі келмеген сияқты", "Жедел әрекет ету қызметінің корпоративі", "Ақшақар жоғалды", "Ешкімнің корпоративке баруын қаламаған бәсекелестердің ісі", - деп жазды олар.

Кейінірек полиция өкілдері бомба туралы хабарлаған әйел адамның анықталғанын мәлімдеді. Ол тергеу үшін бөлімшеге жеткізілген.

"Террорлық акт туралы жалған хабарлау фактсі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп түсіндірді Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.

Айта кетейік, мейрамханада жаңажылдық отырыс жалғасын тапты.

Еске салсақ, ҚК 273-бабы бойынша дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан жағдайда, 5000 АЕК (18 460 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2204061-pavlodarda-zharylgysh-zat-turaly-habarlama-meiramhanadagy-zhangazhyldyq-keshting-shyrqyn-buzdy-video/