jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтадағы ұшақ апатынан кейін Баку әуежайында жаңажылдық шырша жиналды (видео)

    Баку әуежайындағы шырша
    Баку әуежайындағы шырша. Видеодан кадр: t.me/AzeSputnik

    Бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты Баку әуежайында жаңажылдық шырша жиналып жатыр. Әуежай қызметкерлерінің шыршаны жинап жатқан сәті видеоға түсіп қалған.

    Кадрлар Telegram-дағы Sputnik Azerbaijan арнасында пайда болды.

    "Баку әуежайында ұшақ апатына байланысты жаңа жылдық шырша алынып жатыр", - делінген хабарламада.

    Кадрларда жұмысшылардың жаңажылдық шыршаны жинауға кіріскені көрсетілген. Видеода қызметкерлер ойыншықтар мен басқа да әшекейлерді алып тастап, оларды қораптарға салып жатқанын байқауға болады.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.

    Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

    "Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.

    Ақтадағы ұшақ апатынан кейін Баку әуежайында жаңажылдық шырша жиналды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.