jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Оңтүстік Кореяда бортында 181 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: yna.co.kr

    Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта 181 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 47-сі қайтыс болды, деп хабарлайды "Ренхап".

    Ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де, Jeju Air ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан ауытқып, Сеулден оңтүстік-батысқа қарай 288 шақырым жерде орналасқан Муанг округінде қоршауға тап болған кезде болды.

    Билік апаттан 47 адамның қаза тапқанын және қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін растады.

    Екі адам құтқарылды. Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай шығынға ұшырады.

    Бангкоктан қайтып келе жатқан ұшақтың бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі болған.

    Екі Таиланд азаматын қоспағанда, жолаушылардың көпшілігі Оңтүстік Корея азаматтары.

    Билік өртті ауыздықтап, апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін де тергеу басталды.

    Ведомствоның хабарлауынша, құзырлы органдардың алдын ала мәліметтері бойынша, құстармен соқтығысу шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін, соның салдарынан апатқа ұшыраған.

    Айта кетейік, Jeju Air - Чеджу қаласында орналасқан оңтүстік кореялық авиакомпания. Компания Чеджу аралы мен Корея материгі арасында тұрақты рейстерді, сондай-ақ бірқатар чартерлік рейстерді орындайды.

    Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын.

    Оңтүстік Кореяда бортында 181 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.