jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттік құтқарушылар тасжолда қалған адамдарға көмектесті (видео)

    Шымкенттік құтқарушылар
    Шымкенттік құтқарушылар. Видеодан кадр: instagram.com/112shymkent_tjd

    Шымкенттік құтқарушылар Алматы-Термез тасжолында қалған адамдарға көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ТЖД мәліметіне сүйенсек, өткен түнде Шымкент қаласы ТЖД Түркістан облыстық ТЖД өкілдерімен өзара әрекеттестік аясында зардап шеккендерге көмекке аттанған.

    Алматы-Термез тасжолының 833-шақырымында, Сайрам ауданына қарасты Машат ауылының маңында қолайсыз ауа райы салдарынан 27 адам, оның ішінде 5 бала жолда қалып қойған.

    Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, эвакуация жұмыстарын жүргізіп, барлығын Шымкентке аман-есен жеткізді.

    Осы ретте Шымкент ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарға шығудың қауіпті екенін ескертті.

    Шымкенттік құтқарушылар тасжолда қалған адамдарға көмектесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.