jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады (видео)

    Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады
    Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады. Видеодан кадр: Риа-Новости

    Бразилияның Убатуба қаласында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. Ұшқыш қаза тауып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Бразилияның Сан-Паулу штатындағы жағажайда ұшу-қону жолағынан шығып кеткен шағын бизнес ұшағы өртеніп кеткен.

    Жарияланған видеода ұшақ Убатуба әуежайында жоғары жылдамдықпен ұшып-қону жолағынан шығып кеткенін көруге болды. Өртенген ұшақ жағажай маңына дейін жеткен. Ұшақ бортында ұшқыш пен төрт жолаушы болған.

    "Ұшқыш қаза тапты, ерлі-зайыпты мен екі бала ұшақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілді1, - делінген хабарламада.

    Кейін әуежайды басқару компаниясының өкілі жағажайда екі адамның жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ ол апатқа ауа райының қолайсыздығы мен ұшу-қону жолағының тайғақтығы себеп болуы мүмкін екенін мәлім етті.

    Cessna 525 CitationJet маркалы жеңіл бизнес-джет ұшағы Убатуба жағажайында апатқа ұшырағаны атап өтілді.

    Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.