jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан шыққан өрт: ТЖМ өкілдері мән-жайды баяндады (видео)

    ҚБТУ ғимаратының шатыры өртеніп жатқан сәт
    Өрт шыққан ҚБТУ ғимараты. Видеодан кадр: instagram.com/112almaty_tjd

    12 қаңтарға қараған түні Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында өрт шықты. Өрт түнгі бірде сөндірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін Алматыдағы ҚБТУ ғимаратында өрт шыққанын жазған едік. Өрт сөндірушілер Төле би көшесіндегі ғимараттардың бірінде шыққан өртті сөндіріп жатқаны туралы алғашқы хабарлама сағат 22:10-да жарияланды. Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 59-ға жуық адам және 16 техника жұмылдырылған.

    Төтеншеліктер өрт орнында жедел штаб құрылғанын хабарлады. ТЖМ Командалық орталығы өртті сөндіру үшін күштер мен құралдар санын өсіруді тапсырған. Оқиға орнында Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 78 құтқарушысы мен 28 техникасы жұмыс істеді.

    Сағат 00:26-да өрт оқшауланды. Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілген. Өртті сөндіруге ғимарат құрылысының ерекшеліктері, жоғары өрт жүктемесі және қою түтін кедергі келтірген.

    Өртті оқшаулау кезінде әкімшілік ғимарат төбесіндегі Қазақстан туы төменге түсірілді.

    Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері сағат 01:10-да 120 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілгенін хабарлады.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

    Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан шыққан өрт: ТЖМ өкілдері мән-жайды баяндады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.