jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ҚБТУ ғимаратындағы өрт: оқу орны өкілдері оқыс жайтқа байланысты мәлімдеме жасады

    ҚБТУ ғимаратындағы өртті сөндіру сәті
    Оқиға орны. Фото: t.me/qr_tjm

    12 қаңтарға қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының 4-қабатында өрт шықты. Өрт түнгі бірден кете сөндірілді, өрт сөндіруге 78 маман жұмылдырылды. Бүгін оқу орны өкілдері болған жайтқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өртке байланысты мәлімдеме Қазақстан-Британ техникалық университетінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

    "Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептері тексеріліп жатыр. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдайды.

    Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат студенттерге жақын арада жіберіледі", - делінген мәлімдемеде.

    Бұған дейін Алматыдағы ҚБТУ ғимаратында өрт шыққанын жазған едік. Өрт сөндірушілер Төле би көшесіндегі ғимараттардың бірінде шыққан өртті сөндіріп жатқаны туралы алғашқы хабарлама 11 қаңтар сағат 22:10-да жарияланды.

    Төтеншеліктер өрт орнында жедел штаб құрылғанын хабарлады. Өртті сөндіруге Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 78 құтқарушысы мен 28 техникасы жұмылдырылды.

    Сағат 00:26-да өрт оқшауланды. ТЖД өкілдері сағат 01:10-да 120 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілгенін хабарлады.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.