jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Су басуы мүмкін": экологтар Жайық бойынан топырақ қазып алып жатқандарды тоқтатуын сұрап, дабыл қақты

    Топырақты қазу.
    Бульдозер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Оралда экологтар Жайық бойындағы жағажайдың карьерге айналып бара жатқанын айтып, дабыл қақты. Айтуларынша бұл қаланың су астында қалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жайтқа қатысты "ҚазАқпарат" тілшісі тараптармен тілдесіп, мәселені зерделеп көрді.

    Батыс Қазақстан экологиялық географиялық қоғамының төрағасы Дархан Сариевтің айтуынша, экобелсенділер барған кезде "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ ауданында орналасқан жағажайда екі бірдей ауыр техника жер қазып, жұмыс істеп жатқан.

    Оның сөзіне қарағанда, экскаватордың әзірге қандай фирмаға тиесілі екені белгісіз, мемлекеттік нөмірі де жоқ.

    "Ауыр техниканың жүруі үшін орман ағаштары кесілген. Оларға жер қазуға кім рұқсат берді? Бұған тосқауыл қойылмаса, жасыл желектің жоқ болатыны өз алдына, жағажайда тұрғындар дем ала алмайды. Оның үстіне қазылған шұңқырға су жиналып, табиғи жүйе бұзылады. Топырақ құнарынан айырылып, өсімдік біткен жоғалады. Облыста 80-дей карьер болғанымен, жер қойнауын пайдаланушылар ешқандай өңдеу жұмысын жүргізбейді. Құмды қазып алып, орасан зор шұңқырлар қалдырады. Мұндай жағдай қашанға дейін жалғаса бермек?" – дейді Сариев.

    Экологтардың пікірінше, топырақ көп алынғандықтан жағалау аласарып кеткен. Сол себепті көктемде осы тұстан лықсыған су қаланы басуы ықтимал.

    БҚО полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

    "Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері табиғат қорғау полициясы және жедел тергеу тобымен бірге шұғыл барды. Тексеру кезінде заңбұзушылық белгілері болуы мүмкін бастапқы материалдар жинақталды... Материалдар одан әрі қарау және қолданыстағы заң аясында шешім қабылдау үшін Орал қаласы жер қатынастары бөліміне жіберілді", - деп жауап берді "ҚазАқпарат" сауалына БҚО полиция департаменті.

    БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ (бұрынғы "Металлист" зауыты) тұсында Жайық өзенінің жағалауынан құм-қиыршық тас қоспасы қазып алынғанын растады.

    "Бұл жұмыстар мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғат аумағынан тыс жерде жүргізілген. Сол себептен аталған жұмыстың заңдылығын тексеру орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының құзыретіне жатпайды. Дегенмен біздің мәліметімізше, қазу жұмыстары тоқтатылды және құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдап жатыр. Негізінде Су кодексінің 125-бабы және Жер қойнауы кодексінің 25-бабы бойынша су қорғау аумақтарының шегінде пайдалы қазба өндіруге тыйым салынған", - дейді Рахымжанов.

    Мәселенің толық жай-жапсары тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады.

    "Су басуы мүмкін": экологтар Жайық бойынан топырақ қазып алып жатқандарды тоқтатуын сұрап, дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.