jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ауа райының нашарлауы: Ақмола облысында 1400 адам және 700-ге жуық көлік жолда қалды

    Ақмола облысында жолда қалған көліктер. Кадр видеодан
    Ақмола облысында жолда қалған көліктер. Кадр видеодан: instagram.com/aqmola_pd

    Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты қазіргі уақытта жабық жолдарда 700-ге жуық автокөлік пен 1400-ден астам адам қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазіргі уақытта өңірде автожолдың 10 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды: "Астана – Ерейментау - Шідерті", "Астана - Петропавл", "Екатеринбург - Алматы" - Аршалы ауданының аумағы, "Астана - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау", "Көкшетау - Атбасар", "Екатеринбург - Алматы", "Қостанай-Әулиекөл-Сурған", "Жезқазған - Петропавл", "Щучинск - Зеренді" және "Астана - Қорғалжын".

    "Ауа райына байланысты департаменттің саптық құрылымының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Патрульдік полиция экипаждары жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жүргізушілерді ескерту бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. Халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда 50 автопатруль қызмет атқарады, бұл 100-ден астам полиция қызметкері.

    Ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау және қарлы тұтқында қалмау үшін Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілерді жоғарыда аталған бағыттарға бармауға және жолдардағы ағымдағы жағдай туралы ресми хабарламаларды қадағалауға шақырады.

    Айта кету керек, қазіргі уақытта жабық жолдарда 700-ге жуық автокөлік пен 1400-ден астам адам қалды. Полицейлер азаматтар мен көлік құралдарының қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз ететін болады", - делінген хабарламада.

    Ауа райының нашарлауы: Ақмола облысында 1400 адам және 700-ге жуық көлік жолда қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.