jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте аттракциондар саябағынан өрт шықты

    өрт
    Шымкенттегі өрт болған жер. Видеодан кадр: ТЖМ

    Шымкентте аттракциондар саябағының аумағында орналасқан ойын автоматтарында өрт шықты. Қызыл жалын екі қабатты мейрамхана шатыры мен екі кеңсе бөлмесіне тараған. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ-нің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағында болған. Төбе астында орналасқан ойын автоматтарынан өрт шығып, жалын екі қабатты мейрамхана шатыры мен екі кеңсе бөлмесіне тараған.

    "Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 230 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Шымкентте аттракциондар саябағынан өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.