jitsu gif
Оқыс оқиға

    Желіде Қостанай облысындағы әкімдік ғимаратының өртке оранған видеосы тарады (видео)

    Қостанай облысындағы әкімдік ғимараты
    Қостанай облысындағы әкімдік ғимараты. Фото: instagram.com/karasu_region10

    Бүгін, 24 қаңтарда Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылының әкімдігі орналасқан ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 101 пультіне екі қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына тез арада өрт сөндірушілер жеткен.

    "Елді мекеннің аудан орталығынан шалғайда орналасуы, ал ағаштан тұрғызылған ғимараттың тез тұтануы жұмысты қиындатты. Өрт шатырға қарай ойысқан. Қою түтін, ауа температурасының төмендігі және желді ауа райы да қиындық тудырып, жалын көршілес ғимараттарды шарпу қаупі туындады", - дейді ТЖМ өкілдері.

    Бұл қиындықтарға қарамастан, өрт 100 текше метрге жеткенде ауыздықталған. Ғимараттың жалпы ауданы 250 шаршы метр. Өрт сөндірушілері ғимараттың толықтай өртеніп кетуін болдырмай, жақын маңда орналасқан басқа ғимараттарды өрттен сақтап қалды.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.