jitsu gif
Оқыс оқиға

    Петропавлдағы ірі кәсіпорында өрт шықты

    Петропавлдағы ағаш сататын кәсіпорындағы өрт
    Петропавлдағы ағаш материалдарын сататын кәсіпорындағы өрт. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

    Петропавлдағы ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында өрт шықты. Өрт сөндірушілер кәсіпорындағы өртті оқшаулады, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ қызметкерлері ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағындағы өртті оқшаулады

    "Петропавл қаласы Ж.Қизатов көшесінде ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында екі жүк көлігі тұрған гаражда өрт шықты. Өрт алдын ала 252 ш.м. алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

    ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, материалдар тез тұтанататын болғандықтан, өрт сөндіру процесі күнделене түсті және жалынның тез таралу қаупін тудырды.

    Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, сөндіріген. Зардап шеккендер жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.