jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жезқазған жанармай базасындағы өрттен жарақат алғандардың бірі ауыр халде жатыр

    Жезқазған жанармай базасындағы өрт
    Жезқазған жанармай базасындағы өрт. Скриншот: instagram.com/112ulytau_tjd

    Жезқазғанда жанармай сақтау базасында жарақат алып, аурухана түскен адамдардың қазіргі жағдайы белгілі болды. Олардың бірі жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Өткен демалыс күндері қоймада алдымен өрт шығып, кейін бірнеше рет жарылыс болған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Жанармай қоймасы Жезқазған мен Сәтбаев қалалары арасындағы тас жол бойында орналасқан. Алдымен газ және бензин таситын көліктер лап ете қалыпты. Құтқарушылар келгенше бірнеше жарылыс болған. Соңғысының қатты болғаны соншалық, цистерналар тұрған ангар құлады.

    Болжам бойынша бұл газ жарылысы. Өрт сөндірушілердің бір бөлігі отпен алысса, екіншілері жанармай толы резервуарлар қызып кетіп, жарылмас үшін оларды салқындатып әлек болды. Қойманың 100 шаршы метр жері жанып кетті.

    Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Ауруханаға күйік жарақаттарымен бес адам жеткізілді. Миы шайқалған екеуі ертең үйіне шығады. Орташа күйік алған екі адам бақылауда. Ал қатты жарақат алған бір науқас әлі есін жия алмай жатыр.

    "Екі рет ота жасалды, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы қазір белгісіз. Ештеңе айта алмаймыз. Басы бірнеше жерден жарылған. Жарақаттары да бар. Контузия, соған байлынысты ота жасалып жатыр", - дейді Жезқазған көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Шахрух Юлдашев.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.