jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында газ баллоны жарылып, алты адам ауруханаға түсті

    Газ баллоны
    Газ баллоны. Көрнекі фото: rutube.ru

    Түркістан облысы Созақ ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Алты адамды, оның ішінде бес баланы термиялық күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Созақ ауданы Аққолтық ауылында болды. Жеке тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үй толығымен қирап қалды.

    Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін көршілер үйінді астынан термиялық күйік шалған алты адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде кәмелетке толмаған бес бала бар.

    Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін көршілер үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар.

    "Жарылыс салдары анықталып жатыр. Сағат 21:40-та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасының  жанғаны анықталды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр", - деді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев.

    Түркістан облысында газ баллоны жарылып, алты адам ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.