jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талдықорғанда әйел үшінші қабаттың балконында қамалып қалды

    t.me/qr_tjm
    Құтқару сәті. Фото: құтқарушылар

    Талдықорғанда көп қабатты үйде тұратын әйел балконда қамалып қалды. Баласы пәтерде жалғыз қалған тұрғынға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 пультіне Талдықорған қаласында әйел балконда қамалып қойып, пәтерде кішкентай бала қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары келіп, автосатының көмегімен үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кіріп, есікті ашты.

    "Үшінші қабатта әйел адам балконға шыққан, ішіндегі баласы есікті жауып тастаған. Пәтерге кіре алмаған", - дейді оқиға орнына барғандар.

    Құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйел мен баланы келеңсіз жағдайдан құтқарды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.