jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Құстарға қатысты дерек жоқ": Әзербайжан Көлік министрлігі AZAL ұшағы апаты туралы есепке пікір білдірді

    Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жер
    Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жер. Фото: Issa Tazhenbayev / Anadolu via Getty Images

    Әзербайжан Көлік министрлігі Қазақстан және тергеуге қатысушы басқа елдермен бірге әуе апаты туралы қорытынды есепті дайындау жұмыстарын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Ведомствоның хабарлауынша, алдын ала есепте келесі фактілер расталған:

    "Embraer 190-100 IGW" жолаушылар ұшағы (тіркеу нөмірі 4K-AZ65), Әзербайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі, Бакуден Грозныйға бағыт алған J2-8243 тұрақты рейсін орындау барысында техникалық тұрғыда толық жарамды болған.

    Ұшақтың басқару жүйелерінің дұрыс жұмыс істегені FDR (ұшу мәліметтерін тіркеу құрылғысы) деректерімен расталды.

    Қос қозғалтқышта да апатқа дейін ешқандай техникалық ақау болмаған. Бұл да FDR деректерімен дәлелденді.

    Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде, оның ішінде Грозный әуежайы үстінде болған кезде, ұшақ GPS сигналынан айырылған.

    Грозныйдағы қолайсыз ауа райына байланысты екінші айналым жасап қону мүмкін болмаған. Осыдан кейін экипаж командирі Бакуге қайта оралу туралы шешім қабылдаған. Дәл осы сәтте CVR (әуе кемесінің дыбыстық жазу құрылғысы) деректерінде 24 секунд интервалмен екі рет сыртқы соққы дыбысы тіркелген.

    CVR және FDR деректерін салыстыру нәтижесінде, бірінші соққыдан кейін 4 секунд өткен соң ұшақтың үшінші гидравликалық жүйесі, 6 секундтан кейін – бірінші, 21 секундтан кейін – екінші гидравликалық жүйесі істен шыққан.

    Фюзеляждың артқы бөлігінде, соның ішінде тік және көлденең тұрақтандырғыштарда, сол жақ қанатта және сол жақ қозғалтқышта көптеген тесілген және соққыдан зақымдалған орын анықталды. Бұл зақымданулар фото және видео материалдар арқылы тіркелген.

    Ұшақ фюзеляжындағы зақымданулар сыртқы объектілердің әсерінен болғаны анықталды. Алдын ала есепте ұшақтың құстармен соқтығысуы туралы ешқандай дерек жоқ.

    Фюзеляждың зақымданған бөліктерінен ұшаққа тиесілі емес бөгде заттар табылып, олар алынып, фото дәлелдері есепте жарияланған. Бұл заттардың нақты қандай объектіге тиесілі екенін анықтау үшін қосымша сараптамалар жүргізіледі.

    05:13:32-де ұшақтың негізгі басқару жүйелері істен шыққан, ал 05:21:42-де Грозный диспетчеріне "Ковер" операциясы туралы хабар берілген.

    Оттегі баллонының жарылғаны туралы ешқандай дерек тіркелмеген.

    "Құстарға қатысты дерек жоқ": Әзербайжан Көлік министрлігі AZAL ұшағы апаты туралы есепке пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.