jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да көрші азамат қарт кісі мен төрт баланы құтқарып қалды

    Талғат Мүсірат
    Талғат Мүсірат. Фото: ШҚО ТЖД

    Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам өрт шыққан үйден төрт бала мен әжейді құтқарды. Ол көршілерін қауіпсіз жерге аман-есен алып шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

    ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған.

    Белгілі болғандай жеке тұрғын үйде өрт шыққан. ШҚО ТЖД қызметкерлері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірат терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, 1956 жылы туған әйел адамға және 2017, 2019, 2020 және 2023 жылы туған төрт балаға үйден шығуға көмектескен.

    Оқиға орнына келіп жеткен №25 ӨСБ өрт сөндірушілері 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.

    ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

    Осы орайда мамандар азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

    "Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жою қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Өрт кезінде дереу "112" нөмірі бойынша хабарлаңыз", - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.

    ШҚО-да көрші азамат қарт кісі мен төрт баланы құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.