jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ұлытаудағы шахтаның опырылуы: қылмыстық іс қозғалды

    Құжат толтырып отырған полицей
    Құжат толтырып отырған полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Полицейлер Ұлытаудағы шахтада болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексі 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" дерегі бойынша іс қозғалды.

    Оқиға орнында Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

    17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Жомарт" кен орнында тау-кен массасы опырылған еді. ТЖМ дерегінше, оқиға орнында жеті жұмысшы болған.

    Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.

    Барлық жеті жұмысшының денесі жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптамаға полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

    Ұлытаудағы шахтаның опырылуы: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.