Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда қоймадағы ірі өрт сөндірілді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер қоймадағы өртті сөндіріп жатыр
Өрт сөндірушілер қоймадағы өртті сөндіріп жатыр. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Алматы қаласының өрт сөндірушілері Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесінің бойында орналасқан қоймадағы ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 19 ақпанда таңғы сағат 08:26-да Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары Әуезов ауданы, Өтеген батыр көшесі, 15а мекенжайына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілген.

Өрт сөндірушілер 08:31-де (5 минутта ) оқиға орнына келген сәтте қойманың отқа оранғаны сондай-ақ, жалынның 3 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына таралуы анықталған.

Оқиға орнында дереу өрт сөндіру жедел штабы құрылған. Сондай-ақ суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру автопойызы жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, әкімшілік ғимараттағы өртті сөндіру және ғимаратты қорғау үшін оқпандар енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылған.

"Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты қиындаған.

10:52-де ТЖМ алдын ала болжам бойынша өрт 3000 ш.м. алаңда оқшауланғанын мәлім етті.

Өрт сөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қоймаларды өрттен қорғап қалған.

11:44-те құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2221940-almatyda-ort-sondirushiler-auezov-audanyndagy-qoimadan-shyqqan-ortti-sondirip-zhatyr-foto-video/