jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Конгода жарғанат жеген 53 адам көз жұмды (видео)

    Жарқанат
    Жарқанат. Көрнекі фото: pixabay.com

    Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеген 53 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.

    Бұған дейін белгісіз аурудан бес жасқа толмаған үш бала қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау қызметі хабарлады. Олардың мәліметіне қарағанда, шалғай ауылдарда осыған ұқсас 431 жағдай тіркелді.

    Науқастардың алдымен қызуы көтеріліп, құсу, мұрыннан қан кету белгілері байқалған. Артынша екі тәуліктен кейін науқастар өлім құшқан. Әзірге тұрғындардың жаппай өліміне не себеп екені белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша олар өлген жарғанат жеген. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қытай ғалымдары жарқанаттардан жаңа коронавирус тапқаны туралы шетелдік БАҚ-та жарияланып жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасағанын жазған едік. Министрлік аурудың алдын алу үшін қандай профилактика шараларын қолдану керегін назарға ұсынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.