Алматыда алып ағаш Mercedes-Benz көлігін басып қалды (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда алып ағаш көліктің үстіне құлап, оны басып қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды қалалық Құтқару қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қалалық Құтқару қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, оқиға 10 наурызда болған. Сол күні кешкісін 109 пультіне Бәрібаев көшесінде тұрған көліктің үстіне алып ағаш құлғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу Құтқару қызметінің экипажы келген. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен диаметрі 100-120 см болатын апатты ағашты кесіп, Mercedes-Benz көлігін шығарған.
"Жұмыс 00:17-де аяқталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Құтқару қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Алматыдағы аудандардың бірінің ауласында шіріген ірі ағаш құлап, үш бірдей автокөлікті басып қалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2227007-almatyda-alyp-agash-mercedes-benz-koligin-basyp-qaldy-foto/