jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда таңғы уақытта ірі өрт болды: оқиға орнына ТЖД басшысы келді (фото)

    Алматыдағы өрт
    Алматыдағы өрт. Фото: ТЖМ

    Бүгін таңертең Алматыда алты қабатты әкімшілік ғимаратта өрт шықты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің Telegram-каналында хабарланғандай, өрт Жетісу ауданындағы Новгородская көшесіндегі әкімшілік ғимаратта шыққан.

    Төтенше жағдай орнына жоғары дәрежелі құтқарушылар келді.

    "Өрт сөндіру есептоптарының жедел келуіне қарамастан, өрт өршіп кеткен. Ғимараттың шатыры мен қаптамасы толығымен жалындап жанып жатты. Өрттің таралуына лак-бояу өнімдері бар ыдыстардың жарылысы, сондай-ақ өрт туралы кеш хабарланғаны ықпал етті.

    Өртті сөндіру ғимарат ішінде лак-бояу өнімдерінің болуына байланысты қиындай түсті", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Өрт орнында Алматы ТЖД басшысы полковник Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел өрт сөндіру штабы жұмыс істеп, үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ТЖМ автопоезды тартылды.

    Өрт 06:46-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Алматыда таңғы уақытта ірі өрт болды: оқиға орнына ТЖД басшысы келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.