jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Жарылғыш зат туралы қоңырау түскен": Алматыда Forum ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды (видео)

    Эвакуация сәті
    Эвакуация сәті. Кадр: instagram.com/almatynews_kaz

    Полицияға жарылғыш зат туралы анонимді қоңырау түскен. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта ғимаратта тексеру жүргізіліп жатыр. Forum ойын-сауық орталығына полиция қызметкерлері, саперлер және төтенше жағдайлар қызметкерлері жеткен, деп хабарлайды Kazinform.

    "Азаматтардан сабыр сақтап, дүрбелеңге түспеуін сұраймыз. Тексеру қорытындысы бойынша көзделген шаралар қабылданатын болады. Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Сол арада әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері эвакуация сәтінен видео жариялады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.