jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында жолаушылар автобусы отқа оранды

    Өртенген автобус
    Өртенген автобус. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Жамбыл облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты, абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Алматы – Ташкент" автожолының 553-шақырымында жолаушылар автобусы өртенген.

    Өрт сөндірушілер келген кезде автобус тұрақта тұрған, алайда от көлік құралын тез шарпыған.

    ТЖМ қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілген.

    "Зардап шеккендер жоқ. Барлық 40 жолаушы жолай өтіп бара жатқан көлікпен жөнелтілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алуға және жолдың қарқынды бөлігінде қауіпті жоюға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

    Жамбыл облысында жолаушылар автобусы отқа оранды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.