jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыдан Лондонға бет алған ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болды

    Әуежай
    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Бүгін Air Astana ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды. Оған қарсы соққан жел себеп болған, деп хабарлайды әуе компания баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Atyrau Online Telegram-арнасында Air Astana ұшағы шұғыл түрде Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат жарияланған. Ұшақ Алматыдан Лондонға бет алғаны хабарланған.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі әуе компания баспасөз қызметіне сұрау салып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

    "Алматы-Лондон бағыты бойынша КС663 рейсімен ұшқан Air Astana ұшағы қарсы соққан желдің кесінінен жүктеме бойынша шектеулерді болдырмау үшін отын құю мақсатында Атырауға қонды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, бұған дейін Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болғанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.