jitsu gif branding logo appbranding logo app

    СҚО-да кәсіпорын аумағындағы төтенше жағдайға қатысты жаңа дерек шықты

    Өрт шыққан аумақта жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер
    Өрт шыққан аумақ. Оқиға орнына фото: t.me/qr_tjm

    СҚО-да 8 адам зардап шеккен кәсіпорын аумағында төтенше жағдайға қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 25 маусымда СҚО ТЖД "101" кезекші қызметінің пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы "Тайынша май" ЖШС аумағында сұйытылған газды тасымалдаған автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

    Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанған.

    Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақмола облысынан құтқарушылар жедел жеткен. Күш-жігерді үйлестіру үшін өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылған.

    Оқиға салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйікпен Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің қарауынан кейін бір адам үйіне жіберілген.

    Құтқарушылардың жедел, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында 50 ш. м. алаңда өрт сағат 20.57-де толығымен сөндірілген.

    Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам және 20 бірлік техника, оның ішінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ТЖД, сондай-ақ Тайынша аудандық шаруашылық жүргізу объектілерінің өрт сөндіру бекеттері мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмылдырылған.

    Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Бұл факті бойынша СҚО ТЖД сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да кәсіпорын аумағындағы төтенше жағдайдан 8 адам зардап шеккені хабарлаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.