jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстауда жер сілкінісі тіркелді

    Сейсмограф
    Сейсмограф. Көрнекі фото: adventtr/Getty Images

    Бүгін, 27 тамызда сағат 01:33-те Маңғыстау облысы аумағында жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 2321 км жерде орналасқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді.

    "Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 км жерде Ресей аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары 42.925 º солтүстік ендік және 48.765 º шығыс бойлықта, тереңдігі 15 км. Магнитудасы MPV 5.2", - делінген хабарламада.

    Жер сілкінісі Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан 209 шақырым жерде 2 балл болып сезілген.

    Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

    Маңғыстауда жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.