jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы қайғылы оқиға: қылмыстық іс қозғалды

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты
    Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Фото: petrokazakhstan.kz

    Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған Kazinform.

    Полицияның мәліметінше, аталған фактіге байланысты "еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адамдардың қаза болуы" бабы бойынша іс қозғалған.

    "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратында.

    Айта кетейік, бұған дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытында оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автокөтергіш аударылып, салдарынан екі жұмысшы қаза тапқаны хабарланған еді.

    Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы қайғылы оқиға: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.