jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

    Жамбыл облысы
    Жамбыл облысы. Иллюстрациялық фото: gov.kz

    Жамбыл облысында екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 12 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:57-де жер сілкінісін тіркеген.

    Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

    Жамбыл облысы Қордай ауданында сезілуі – 2 балл.

    "Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген хабарламада.

    ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 ережені еске салады:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

    2. Жер сілкінісі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

    3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

    4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

    6. Мүмкіндігіңізше кетер алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

    8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ тұрыңыз;

    9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;

    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.