jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Эльбрус тауындағы қайғылы жағдай: аспалы жолдағы апат салдарынан екі адам қаза тапты

    Аспалы жол
    Аспалы жол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Эльбрус тауларындағы аспалы жолда болған апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 12 қыркүйекте Эльбрус тауында аспалы жолда апаттық жағдай орын алды. Оқыс оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Кабардино-Балкарияның басшысы Казбек Коков Telegram-каналында хабарлады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа тіректердің біріндегі роликтен тростың шығып кетуі себеп болған. Тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтайды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта құтқарушылар оқиға орнынан қаза тапқандардың денелерін эвакуациялаумен айналысып жатыр.

    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша. тоғыз адам эвакуацияланған. Төтенше жағдай орнында Эльбрус ауданының үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ оқиға орнына апат медицинасының үш бригадасы жіберілді.

    Тергеу комитетінің басқармасы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қайғылы жағдайдың мән-жайы тергеу жұмыстарының нәтижесінде анықталмақ.

    Эльбрус тауындағы қайғылы жағдай: аспалы жолдағы апат салдарынан екі адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.