jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    8 пәтер бүлінген: Астана әкімдігі түнде кафеде шыққан өртке байланысты мәлімдеме жасады

    Өрт шыққан жерден кадр
    Өрт шыққан кафе. Оқиға орнынан фото: Астана әкімдігі

    Кеше түнде Астанадағы кафелердің бірінен шыққан өрт салдарынан 8 пәтер бүлінген. Астана әкімдігі зақым келген пәтерлердің тұрғындары уақытша қонақүйге орналастырылатынын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, 18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Әкімдік, ТЖД және қалалық полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрған. ТЖД мен полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Алайда өрт салдарынан 8 пәтер бүлінгені белгілі болды.

    "Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.

    Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады.

    Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар елорда әкімдігінің баспасөз қызметі оқиға орнынан кадрлар жариялады.

    8 пәтер бүлінген: Астана әкімдігі түнде кафеде шыққан өртке байланысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.