jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы іргесіндегі ауылда өртенген үйден ана мен сәбидің денесі табылды

    Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы іргесіндегі Кенен Әзірбаев ауылында бірнеше жеке ғимарат өртеніп, салдарынан өз үйінде әйел мен сәби көз жұмды. Құтқарушылардың айтуынша, олар көмекті тым кеш шақырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

    Олар құтқарушыларға өрт басталғаннан кейін бір сағат өткен соң хабарласқан. Оқиға орнына 18 құтқраушы және 6 арнайы техника барған. Алайда олар келгенде қамыстан жасалған жақтау үйлер ғана емес, оларға іргелес жатқан шаруашылық құрылыстары да жанып үлгерген. Қызыл жалынды сөндіру үшін құтқарушылар бірнеше бригадаға бөлінген. Нәтижесінде өрт тек үш сағат ішінде ауыздықталды. Ал өртеніп жатқан үйлердің бірінен екі адамның – ана мен баланың денесі табылды.

    Қатты күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

    "Оқиға туралы кеш хабарланғандықтан, өрт өршіп кеткен. Өртті сөндіру жоғары температура, қою түтін және ғимараттардың құрылымдық ерекшеліктерінен қиындады ", - деді Алматы облысы ТЖД өкілі Әйгерім Қанабекқызы.

    Дереккөз: КТК

    Алматы іргесіндегі ауылда өртенген үйден ана мен сәбидің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.