jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "33 адам эвакуацияланды": Қарағандыдағы көпқабатты үйден өрт шықты

    t.me/qr_tjm
    Құтқару сәті. Фото: құтқарушылар

    Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар ғимараттан 33 адамды эвакуациялады, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өрт Анжерская көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.

    Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер қатты түтінге толып, жалынның жоғарғы қабаттарға тарау қаупі болған.

    "Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында түтін басқан подъезден 8 адам, соның ішінде екі бала құтқарылды, сондай-ақ 25 адам (оның ішінде 7 бала) эвакуацияланды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    "33 адам эвакуацияланды": Қарағандыдағы көпқабатты үйден өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.