jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жауаптылар жазасын алуы керек": Астанада ерлікпен қаза тапқан фельдшердің күйеуі үндеу жасады

    Ұлдана Мырзуан жұбайымен
    Ұлдана Мырзуан жұбайымен. Фото: instagram.com/zeineladilet

    Ерлікпен қаза тапқан Ұлдана Мырзауанның күйеуі, дәрігер Әділет Зейнел Threads желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әділет Зейнел қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін, жарына дұға еткені үшін алғыс айтып, жазба жариялады. Сондай-ақ ол енді жұбайының өліміне қатысты іс бойынша тергеудің әділ өтуіне баса назар аударатынын атап өтті.

    "Ешқандай медаль,ешқандай сөздер менін жүрегімнің иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт-береке әкелген Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген барша қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп, қасында барынша көп болып, дұға еттім, бәрін сабырға салдым. Ендігі менің талабым – соттың адал өтуі, тергеудің адал қаралуы. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алуы керек!" - деп жазды Әділет Зейнел.

    Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлаған еді. Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

    Белгілі болғандай, оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері зардап шекті. Ол ер адамды үйінді астынан алып шықпақ болған кезде оның басына тоғызыншы қабаттан кондиционер құлап кеткен. Жәбірленушіге бассүйек трепанациясы жасалды.

    23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның көз жұмғаны туралы 18 қарашада белгілі болды. Жедел жәрдем қызметкері 8 қарашадан бері жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан болатын.

    Марқұм болған елордалық жедел жәрдем станциясының 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

    Күні кеше жақындары мен астаналықтар Ұлдана Мырзауанды ақтық сапарға шығарып салды.

    Посмотреть в Threads

    "Жауаптылар жазасын алуы керек": Астанада ерлікпен қаза тапқан фельдшердің күйеуі үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.