jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    28 адам зардап шекті: Щучинсктегі кафеде болған жарылысқа қатысты жаңа деректер шықты

    Щучинсктегі ТЖ
    Щучинсктегі ТЖ. Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: instagram.com/suroviy_shchuchinsk

    Ақмола обылыстық ТЖД Щучинсктегі кафеде болған жарылысқа қатысты жаңа деректерді жариялады. Сондай-ақ өңір әкімдігінің өкілі зардап шеккендер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола обылыстық ТЖД-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, кейінгі мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылған. 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылған, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. 7 адам қайтыс болған.

    Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында.

    Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жанып жатқан дәмханадан әрқайсысының көлемі 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны шығарылып, ғимарат ішінде жарылыстың қайталануына жол берілмеген.

    Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

    Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел желі ашылған: 8 (7162) 51-42-98.

    Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың айтуынша, Щучинск қаласының стационарына әртүрлі дәрежеде күйік шалған 13 пациент түскен.

    "Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде", - деді Алтынай Әміренова.

    Кейінірек облыстық ТЖД зардап шеккен бес адам ТЖМ реанимобилімен АМО және денсаулық сақтау басқармасының медицина қызметкерлерімен Көкшетау қаласына жеткізілгенін мәлімдеді. Тағы екі пациентті тасымалдау жоспарланып отыр.

    "Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жатқызылып, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Пациенттердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Щучинск қаласында бір қабатты кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды.

    28 адам зардап шекті: Щучинсктегі кафеде болған жарылысқа қатысты жаңа деректер шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.