jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Щучинскте кафедегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

    жарылыс
    Жарылыс болған кафе. Видеодан кадр: instagram.com/shchuchinsk.city

    Ақмола облысы Шучинск қаласындағы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жағдай дереу бақылауға алынды, жедел штаб құрылды.

    "28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде.

    Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі", - деді аудан әкімі.

    Сондай-ақ аудан әкімдігі жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды. Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетілуде.

    Еске сала кетейік, өткен түні Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, жеті адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

    Әкімдік мәліметінше, 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.

    Щучинскте кафедегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.