jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Стамбұлда Қазақстан азаматы қаза тапты: қайғылы жайтқа қатысты СІМ пікір білдірді

    Түркия туы
    Түркия туы. Фото: pixabay.com

    Стамбұлда курьер болып жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы оққа ұшты. Аталған қайғылы жайтқа қатысты СІМ пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Түркиялық Haberler басылымының хабарлауынша, Қазақстан азаматы А.И. жеке компаниялардың бірінде курьер болып жұмыс істеген. Белгісіз біреу оны көшеде келе жатқан жерінен атып кеткен. Жарақат салдарынан қазақстандық ауруханада қайтыс болды. Кейінірек бұл іс бойынша екі күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, оқиға 31 наурызда Стамбұлдың Фатих ауданында болған.

    "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі биыл 31 наурызда Стамбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан Республикасы азаматының қатысуымен болған оқиғадан хабардар.

    Қазіргі уақытта Түркияның құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Стамбұлдағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетуіп жатыр. Мәселе бақылауда", - делінген сыртқы саяси ведомство таратқан хабарламада.

    Стамбұлда Қазақстан азаматы қаза тапты: қайғылы жайтқа қатысты СІМ пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.