jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Атыраудағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

    Атырау облысы әкімдігі
    Атырау облысы әкімдігі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Жедел қызметтер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіріп және оқшаулап, оның аумақтан тыс жерлерге таралуына жол берген жоқ, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

    Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен "АрнаулыАвтоБаза" ЖШС-інен барлығы 35 техника және 65 адам жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы 2500 шаршы метр шамасында.

    Қазіргі уақытта аумақта өрттің қайта тұтануының алдын алу мақсатында қосымша мониторинг жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

    Атырау облысы әкімдігі
    Атырау облысы әкімдігі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Облыста қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жүйесін жаңарту бағытында кешенді бағдарлама іске асырылуда. Бүгінде 50 гектар аумақта жаңа полигон салу және қолданыстағы полигонды рекультивациялау бойынша мердігер ұйымдар анықталды.

    Атыраудағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.