Ақтөбе облысының әкімі Шахаров әкімдік ғимаратындағы өртке қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров журналистерге әкімдік ғимаратындағы өртке қатысты ақпарат беріп, қызметкерлер әзірге онлайн форматта жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асхат Шахаров журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Шатырдағы өрт туралы хабарлама сағат 20:21-де түсті. Бір сағаттан аса уақытта өрт оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызмет жұмыс істеп, қосымша әскери қызметшілер де тартылды", - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, өрттің шығу себептерін анықтау үшін тергеу тобы құрылды.
"Ертең мемлекеттік басқармалардағы көптеген қызметкердің жұмыс күні онлайн форматта өтеді. Біз үшін ең бастысы – олардың қауіпсіздігі", - деп атап өтті Асхат Шахаров.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде облыстық әкімшілік ғимаратының шатыры өртенгенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2362940-aqtobe-oblysynyng-akimi-shaharov-akimdik-gimaratyndagy-ortke-qatysty-malimdeme-zhasady/