Астанадағы көпбейінді балалар ауруханасының бөлімшесі өртенді: қызметкерлер мен пациенттердің жағдайы қалай
Жарияланған күні:
Кеше, 11 сәуірде Астанадағы №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бір бөлімшесінде өрт шыққан. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әкімдік ақпаратына сай, өрт түнгі сағат 22:48-де болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
"11 сәуір күні сағат 22:48-де №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бір бөлімшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сағат 22:55-те оқиға орнына 101 қызметі келді. Сағат 23:08-де өрт толық сөндірілді", - делінген хабарламада.
Аталған оқиғаға байланысты ауруханада жатқан балалар уақытша көрші ғимаратқа көшірілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз