jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағанды облысында екпінді жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды (видео)

    жел
    Қатты желдің салдары. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

    Қарағанды облысына соққан қатты жел тұрғын үйлер мен мектептің шатырын ұшырып, ағаштардың құлауына және пайдаланылмай тұрған мұржаның құлауына себеп болды. Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қолайсыз ауа райынан Қарағанды қаласында зақымданған нысандар көп. Мұнда жел үш тұрғын үйдің шатырын ішінара ұшырып әкеткен. Аулалардың бірінде тұрақта тұрған жеңіл автокөлікті зақымдаған. Сонымен қатар қаланың түрлі аудандарында ағаштар құлап, ірі бұтақтар сынған.

    Ал Абай қаласында қатты жел екі бесқабатты тұрғын үйдің шатырын бүлдірді.

    Осакаров ауданында желдің екпіні мектеп ғимаратының шатырын зақымдады.

    Қарқаралы қаласында екі қабатты тұрғын үйдің шатырына зақым келді. Сондай-ақ осы жерде №2 жұмыс істеп тұрған қазандық аумағында пайдаланылмай тұрған металл мұржа құлаған.

    Оқиға орындарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шықты. Қауіпті шатыр бөліктері жедел түрде жойылды.

    Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Қарағанды облысында екпінді жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.