jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада пәтерлердің бірінен өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

    Өрт сөндірушілер
    ТЖМ қызметкерлері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Елордалық құтқарушылар көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден шыққан өртті сөндірді. 25 адам өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, бүгін 112 пультіне Астана қаласындағы Ғ. Мүсірепов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі бір пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері төртінші қабаттағы пәтерден шыққан өртті (шағын аумақта) жедел түрде сөндірген.

    "25 адам, оның ішінде 7 бала өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Астанада пәтерлердің бірінен өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.