jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында көпірді су шайып кетті: демалыс аймағынан адамдар эвакуацияланды

    көпір
    Көпір. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Төлеби ауданы Ақмешіт ауылының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуінен Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды.

    "Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

    Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Барлық азаматқа медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

    Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастыруда.

    Түркістан облысында көпірді су шайып кетті: демалыс аймағынан адамдар эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.