jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өскемендегі зауытта болған жарылыс: екі адам қаза тапты

    оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/oskemenlive

    Бүгін таңертең Өскемендегі зауытта төтенше жағдай тіркелді. Cалдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазцинкке" сілтеме жасап.

    Компанияның алдын ала мәліметке сүйеніп хабарлауынша, түтін сорғышты тазалау кезінде жарылыс болып, артынан өрт шыққан. Құрылым ішінара опырылған.

    "Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

    Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, оқиға салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеуде анықталады", - делінген зауыт өкілдерінің Instagram желісіндегі жазбасында.

    Компания қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмдардың отбасына және зардап шеккендерге қаржылық және психологиялық қолдау көрсетіледі.

    Сонымен қатар уәкілетті органдар оқиғаның қоршаған ортаға әсеріне баға беріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті жерде рұқсат етілген шекте шаң шығындылары тіркелген, қауіпті ластаушы заттар анықталмаған.

    Еске сала кетейік, бүгін Өскемендегі зауыт аумағында, шаң ұстау цехындағы шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Артынша өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі ішінара опырылғаны белгілі болды.

    Кейін зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

    Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды.

    Жарылыс болған зауытқа ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов барды. Ол жағдайды жеке бақылауына алғанын айтты.

    Өскемендегі зауытта болған жарылыс: екі адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.