jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскемендегі зауыт апатынан денесін күйік шалып, ауыр жағдайда жатқан азаматқа Астанадан дәрігерлер шақырылды

    Дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Өскемендегі "Казцинк" зауытында болған апат салдарынан ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқастардың біріне дәрігерлер шақырылды. Бұл туралы зауыт өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    "Казцинк" өкілдерінің мәліметінше, компания апат салдарынан күйік шалып, ауыр жағдайда жатқан қызметкерге Астанадан арнайы дәрігерлер шақыртқан.

    "Апат салдарынан зардап шеккен компания қызметкеріне көмек көрсету үшін "Казцинк" республикалық дәрігерлерді шақырып отыр.

    Жақын арада арнайы бортпен Өскеменге Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары – республикалық деңгейдегі дәрігерлері жетеді", - делінген зауыт таратқан хабарламада.

    Бұған дейін орталықтың бейінді мамандары телемедициналық кеңес беріп, оның барысында зардап шеккен азаматты емдеу бойынша қадамдар мақұлданған.

    Өскемендегі зауыт апатынан денесін күйік шалып, ауыр жағдайда жатқан азаматқа Астанадан дәрігерлер шақырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.