jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

    Өрт сөндіріп жатқан құтқарушылар
    Өрт сөндіріп жатқан құтқарушылар. Видердан кадр: ҚР ТЖМ

    Құтқарушылар Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінен шыққан өртті сөндірді. ТЖ кезінде ғимаратта балалар болмаған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Түркістан облысы Аден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт шыққан.

    Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір қабатты балабақша ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталған. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Оқиға кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған.

    "Өртті сөндіруге ТЖМ күштері жедел жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді", - делінген хабарламада.

    Өрттің жалпы ауданы 244 шаршы метр болған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.